Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

Редактор
17.08.2025, 21:10

«Барыстың» басты проблемасы – басшылығында

hcbarys.kz

Жаңа ҚХЛ маусымы үш аптадан кейін басталады.

ҚХЛ-ның ТВ сарапшысы Леонид Вайсфельд бапкерлер құрамындағы өзгерістерден кейін «Барыстың» алдағы маусымдағы мүмкіндіктерін бағалады. Бұл туралы «О, хоккей» арнасы мәлімдеді.

«Жас ойыншылар батыл болуы керек. Ал «Барыста» олар сұр тышқандар секілді. Бар үміт Михаил Кравецте. Сол әйтеуір «Барыстағы» «батпақты» қозғалтады және бірдеңе жасайды деп үміттенеміз. «Барыстың» басты проблемасы – басшылығында. Жұмысты кәсіби мамандар атқаруы тиіс. Клубтағы атмосфера да жайлы болуы керек. Ал «батпақтан» шығу өте қиын», - деді Леонид Вайсфельд.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама