Олимпиада алтынын Латвия мен Дания сарапқа салады
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті. Бұл жолы хоккейшілер (3х3) үшінші орын үшін таласта жеңіске жетіп, қола медаль еншіледі.
Матч өте тартысты өтті. Бірінші кезеңде қарсылас қақпасына 4 шайба соғып алған қазақстандықтар, қалған екі кезеңде негізінен қорғанумен болды. Қорытынды есеп – 6:5 (4:1, 1:2, 1:2).
Айта кету керек, топтың кезеңде Қазақстан мен Австрия өзара ойнап, ол кезде еуропалық команда 9:8 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Осымен Қазақстан қоржынында бір алтын және екі қола медаль болды.