Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады
Бүгін қазақстандық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті ойынын Ресейде өткізеді. Елорда ұжымы Челябінің «Трактор» командасына қарсы мұз айдынына шығады.
Бұған дейін қос команда 58 рет кездескен. Соның 29-ында «Барыс» жеңіске жетсе, қалған ойындарда «Трактор» басым түскен. Соңғы бес матчтың біреуінде ғана қазақстандық клуб қарсыласынан айласын асырған.
Қазіргі таңда турнирлік кестеде «Барыс» 19 ұпаймен 16-сатыда, ал «Трактор» 23 ұпаймен 13-орында тұр. Бұл кездесуден кейін астаналық команда төрт ойынды өз алаңында өткізеді. 3 қарашада «Нефтехимик» (Нижнекамск), 5 қарашада «Салават Юлаев» (Уфа), 7 қарашада «Автомобилист» (Екатеринбург) және 9 қарашада «Металлург» (Магнитогорск) клубтарымен бақ сынайды.