Төрешілер екеуін де жарыстан аластатты
Аралас жекпе-жекте дебютін өткізген қазақстандық актер Нұрдәулет Төлепберген өзбек файтері Жасурбек Жураевтан (2-1) оңбай таяқ жеді. Алайда, төрешілер қос спортшыны да жарыстан қуып, нәтижені есепке алмады.
Айта кетейік, Алматыда MMA спортынан Octagon 82 турнирі өтті. Жартылай жеңіл салмақта клеткаға шыққан Нұрдәулет Төлепберген өзбек қарсыласынан техникалық нокаутпен жеңілген. Ол Жураевтың жойқын соққыларына төтеп бере алмады.
Алайда, жекпе-жек аяқталғаннан кейін төрешілер қос файтердің де әрекеті спорттық этикаға сай келмейді деп, екеуіне де дисквалификация берді. Яғни, нәтиже тіркелген жоқ.