Жарнама
Жарнама

Конор Макгрегор Шавкат Рахмоновтың белбеуіне көз тікті

Редактор
06.12.2025, 10:52

UFC жұлдызы Махачевпен жекпе-жекке шыққысы келеді

Getty images

UFC жұлдызы Конор Макгрегор (22-6) жартылай орта салмақта чемпиондық белбеу үшін Ислам Махачевпен (28-1) айқасуға ниетті екенін мәлімдеді.

Макгрегор бұл жекпе-жекті «солақай мен солақайдың айқасы» деп сипаттап, Махачевтің батылдығын атап өтті:

«Мен міндетті түрде жартылай орта салмақтағы белбеу үшін күрескім келеді. Бұл тамаша жекпе-жек болар еді. Ислам жақсы өнер көрсетті, салмақ өсіріп шығуға да батылы жетті. Бұл айқасты асыға күтіп отырмын», — деді Конор.

Алайда бұл белбеуге үміткер жалғыз Макгрегор емес. Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (19-0) да титулға үміткер атануға шақ тұр. Октагонға шықпағанына бір жыл болса да, оның мәртебесі өзгерген жоқ.

Соңғы рет 2024 жылғы 7 желтоқсанда Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрриді (17-1) қазылардың бір ауыздан берген шешімімен жеңген.

Реклама
Реклама

Материалда: