Жарнама
Жарнама

Еркебұлан Тоқтарға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді

Редактор
08.12.2025, 18:28

Бұл атақ спортшыға Республика күніне орай берілген

әлеуметтік желі

Блогер, ережесіз жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында жазды.

«Құрметті достар! Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады.

Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды. «Құрмет» орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды. Ал, Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Игілікті жолдағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін», – деп жазды министр.

Еске сала кетейік, Еркебұлан Тоқтар 16 тамызда Қонаев қаласында өткен Octagon 77 турнирінде ирандық Фарзад Гадеримен (18-15) төбелесіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, ол ММА-дегі карьерасында 11-жеңісіне қол жеткізсе, Фарзад Гадери 16-рет жеңіліс тапты.

Реклама
Реклама

Материалда: