Жарнама
Жарнама

Бапкер Рахмонов пен Алмабаевқа қатысты шындықты айтты

Редактор
04.01.2026, 23:12

Ол екеуінің мінезіне тоқталды.

©IG/shavkatrakhmonov94

UFC-дегі қазақстандық спортшылар Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевтың бапкері Эдуард Базров шәкірттерінің әлеуметтік желідегі сын мен жағымсыз пікірлерге қалай қарайтынын айтты.

Бапкердің сөзінше, екі файтерге де сынға бейжай қарау қиын.

«Асу - өте байсалды, бірақ ұстанымына берік адам. Тіпті өзі хабарласып, жазып немесе барып та сөйлесе алады. Мен оған үнемі: «Сабырмен қара, мән берме, өз ісіңді істе» деп айтып отырамын. Шавкатпен де қалжыңдасуға болмайды. Егер біреумен бетпе-бет кездесіп қалса және жанында оны тоқтататын адам болмаса, ашық айтып тастай салуы мүмкін. Себебі ол тік мінезді, бетке айта салатын адам. Өзінің атына айтылған негізсіз, жүйесіз сынға төзбейді», - дейді Эдуард Базров.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев UFC ұйымында өнер көрсетіп жүр. Рахмоновтың рекорды - 7 жеңіс, жеңіліс жоқ, ал Алмабаев 6 рет жеңіп, бір рет жеңіліс тапқан.

Реклама
Реклама