Жарнама
Жарнама

Шешен файтері Қазақстаннан келген қарсыласын ұрып құлатты (ВИДЕО)

Редактор
10.01.2026, 09:29

Жекпе-жек тартысты болды деп айта алмаймыз

АСА

Шешенстан астанасы Грозныйда өткен аралас жекпе-жектен АСА 198 турнирінде жергілікті Сулим Баталов (10-1) Қазақстаннан келген Асылжан Бақытжанұлын (17-7) бірінші раундта ұрып құлатты.

Жекпе-жек тартысты болды деп айту қиын. 35 жастағы қазақ файтері тәжірибелі болғанымен, өзінен төрт жас кіші спортшыға әлеуеті жеткен жоқ. Қарсыластар октагонда небәрі 2 минуттан сәл ұзақ уақыт өткізді. Жақын қашықтыққа кірмек болған Асылжан бетінен бірнеше ауыр соққы алып, тізерлеп құлады. Төреші жекпе-жекті амалсыз тоқтатты.

Селим Баталовтың бұл оныншы жеңісі. Бұған дейінгі соңғы жекпе-жегінде ол жеңіліп қалған болатын.

Ал, Асылжан Бақытжанұлы жетінші рет жеңіліп отыр. Мансабында 17 рет жеңіске жеткен.

Реклама
Реклама