«Арандатушылыққа ермеңіздер»: Шавкат Рахмонов маңызды мәлімдеме жасады

Редактор
02.02.2026, 16:15

Спортшы жалған ақпарат таралып жатқанын айтты

әлеуметтік желі

Танымал қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде өзінің атынан ашылған жалған аккаунттарға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Спортшының айтуынша, қазіргі уақытта интернет кеңістігінде оның есімін пайдаланып, фейк парақшалар ашылып жатыр. Ал ондағы жарияланымдар мен пікірлердің файтерге еш қатысы жоқ.

«Ресми түрде хабарлаймын: әлеуметтік желілерде менің атымнан фейк аккаунттар ашылуда. Онда жарияланған жазбалар мен пікірлердің маған ешқандай қатысы жоқ. Ол — жалған аккаунт. Арандатушылыққа ермеңіздер. Тек ресми және тексерілген дереккөздерге сеніңіздер», — деп жазды Рахмонов.

Айта кетейік, спортшы жанкүйерлерін сақ болуға шақырып, ақпаратты тек ресми парақшалар арқылы бақылауға кеңес берді.

Реклама
Реклама

Материалда: