«Шаруасы бітті»: Шон Брэди Шавкат Рахмоновтың жарақатына қатысты пікір білдірді

Редактор
07.02.2026, 11:02

Ол Рахмоновқа оралу да қиын соғады деп санайды.

Steve Marcus / Getty Images

UFC-де жартылай орта салмақтағы америкалық файтер Шон Брэди қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың кезекті жарақатына байланысты ойын ортаға салды.

Жуырда «Номадтың» ауыр жарақаты қайта асқынып, алдағы 9-10 ай бойы октагонға шыға алмайтыны белгілі болды. Осыдан кейін UFC қазақстандық файтерді жартылай орта салмақтағы рейтингтен алып тастады.

Шон Брэди бұл жағдайға қатысты былай деп пікір білдірді:

«Меніңше, оның шаруасы бітті. Жаным ашиды. Ол 2024 жылдың соңынан бері, Иэн Гарримен өткен жекпе-жектен кейін мүлде айқасқа шыққан жоқ. Ал жақында оның балдақпен жүргенін көрдік, тізесіне бекіткіш тағып алған. Ағайын, ол 2027 жылға дейін төбелеспейді.

Мұндай жағдайдан кейін оралудың қаншалықты қиын екенін елестетудің өзі қорқынышты. Сен енді бұрынғы қалпыңа келе алмайсың. Мұндай жарақаттан соң жаттығуға қайта кірісу психологиялық тұрғыдан да өте ауыр. Бұл өте өкінішті жағдай».

Айта кетейік, былтыр Шон Брэди бірнеше рет Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырған болатын.

Реклама
Реклама