Ол Махачев карьерасын аяқтауы мүмкін деп санайды.
Америкалық ММА сарапшысы Люк Томас қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов әлі де UFC чемпионы атануы мүмкін деп есептейді.
Оның айтуынша, жарақаттар мен операцияларға байланысты ұзақ үзіліс Рахмоновтың мансабына кері әсер еткенімен, оны титул үшін таластан сызып тастауға болмайды.
«Жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпион Ислам Махачевтің бұл дивизионда қанша уақыт жүретіні белгісіз. Ол тағы бір жылдай жұдырықтасып, кейін мансабын аяқтауы мүмкін. Ал сол уақытқа дейін Шавкат Рахмонов қайта оралады деп ойлаймын. Сондықтан ол чемпион атана алмайды деп айту дұрыс емес. Оның әлі де мүмкіндігі бар», - деді Томас.
Дегенмен сарапшы жарақаттар Рахмоновтың ең жоғары деңгейіне жетуіне кедергі келтіруі мүмкін екенін айтты.
«Шавкаттың ең мықты кезеңі артта қалған болуы да мүмкін. Оған жарақаттары себеп. Бірақ бұл оның чемпион атануына тосқауыл емес», - деп қосты Томас.
Айта кетейік, ресейлік Ислам Махачев (28-1) қараша айында аустралиялық Джек Делла Маддаленаны (18-3) жеңіп, UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы атанды.