Ислам Махачев келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Редактор
18.02.2026, 23:52

Ол бұған дейін Джек Делла Маддаленаны жеңген.

Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы ресейлік Ислам Махачев (28-1) келесі жекпе-жегіне қатысты жоспарын айтты.

Спортшының сөзінше, келе жатқан Рамазан айына байланысты дайындық процесіне өзгерістер енгізген.

«Алда Рамазан келе жатыр, сол себепті кардио жаттығуларын жасау қиынға соғады. Ораза аяқталғаннан кейін спаррингтерге көшеміз. Жекпе-жектің уақыты - шамамен маусым айы. Соңғы айқастан кейін толықтай қалпыма келдім», - дейді Махачев «Чемпионат» басылымына берген сұхбатында.

Ислам Махачев UFC-де 16 жекпе-жектен тұратын жеңісті сериясымен ерекшеленген. Ол соңғы рет октагонға Нью-Йоркте өткен UFC 322 турнирінде шығып, чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Бұл кездесуде ол аустралиялық Джек Делла Маддаленаны (18-3) айқын басымдықпен жеңді.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек төрешілердің ортақ шешімімен Махачевтің пайдасына аяқталып, ресейлік файтер өзінің жартылай орта салмақтағы чемпион мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Реклама
Реклама