Жарнама
Жарнама

«Қуат Хамитов қайтыс болды»: спортшы мәлімдеме жасады

Редактор
Бүгін, 18:14

Ол жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

instagram.com/kuat__khamitov/

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов өзі туралы тараған жалған ақпаратқа байланысты маңызды мәлімдеме жасады.

Белгілі файтердің айтуынша, әлеуметтік желілерде оның қайтыс болғаны туралы видео тараған.

«Ассалаумағалейкум, достар! Соңғы кезде әлеуметтік желілерде «Қуат «Найман» Хамитов қайтыс болды» деген түрлі видеолар тарап жатыр. Бұған сенбеңіздер! Егер мен шынымен өмірден өтсем, өзім шығып ресми түрде хабарлаймын. «Жігіттер, мен қайтыс болдым» деп айтамын. Сондықтан мұндай қауесеттерге сенбеңіздер», - деді Хамитов өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Хамитов соңғы жекпе-жегін 15 ақпанда Грузияның Батуми қаласында өткен GFC 36 x GBC 4 турнирінде өткізді. Сол кездесуде қазақстандық файтер бразилиялық Алан Сильваны төрешілердің ортақ шешімімен жеңген болатын.

Реклама
Реклама