Жарнама
Жарнама

UFC Хамзат Чимаев октагонға оралатын күнді атады

Редактор
13.03.2026, 10:28

Кездесу мамырда өтеді.

James Gilbert / Getty Images

UFC-дің орта салмақтағы чемпионы Хамзат Чимаев келесі жекпе-жегін осы дивизионның бұрынғы чемпионы, америкалық Шон Стриклендке қарсы өткізеді.

31 жастағы Чимаев пен рейтингте үшінші орында тұрған Стрикленд арасындағы айқас туралы ұйымның өзі ресми түрде мәлімдеді. Бұл кездесу 9 мамырда өтетін UFC 328 турнирінің басты жекпе-жегі болмақ.

Чимаев соңғы рет октагонға 2025 жылдың 17 тамызында шыққан. Сол кезде ол Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Дрикус дю Плессимен кездескен еді. Бес раундқа созылған тартысты жекпе-жек қорытындысында Чимаев төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

Ал Шон Стрикленд өзінің соңғы кездесуін 21-інен 22 ақпанға қараған түні АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы турнирде өткізді. Ол америкалық Энтони Эрнандеспен жұдырықтасып, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.

Реклама
Реклама