Жарнама
Жарнама

«Шавкат Рахмоновтан қашып жүрген» экс-чемпион Макгрегормен төбелеспек

Редактор
15.03.2026, 16:01

Ол бұған дейінгі айқасын былтыр өткізді.

allboxing.ru

UFC-дің жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Камару Усман ирландиялық жұлдыз Конор Макгрегормен айқас өткізуі мүмкін екенін айтты.

Нигериялық файтер әлеуметтік желідегі парақшасында қысқа ғана жазба қалдырды:

«Усман – Макгрегор. 2026 жыл», – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор октагонға қайта оралатынын мәлімдеген еді. Оның сөзінше, камбэк биылғы жазда өтуі тиіс. 

Ирландиялық спортшы соңғы рет 2021 жылдың шілдесінде Дастин Порьемен кездесіп, сол айқаста аяғын сындырып алғаннан кейін октагонға шықпаған.

Ал Камару Усман соңғы жекпе-жегін былтыр маусым айында өткізіп, америкалық Хоакин Баклиді төрешілердің ортақ шешімімен жеңген болатын.

Айта кетерлігі, жанкүйерлер дәл осы Усманды жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен кездесуден қашып жүр деп жиі сынға алатын.

«20-дан астам жекпе-жек өткіздім, сөйте тұра бәрі «ол қорқады» дейді. Әлем чемпионы бола тұра, бірнеше рет титулды қорғаған адам не үшін қорқақ болуы керек? Тек сіздер қалаған жекпе-жек өтпегені үшін ғана ма? Анасы ойыншық бермей қойғанда ренжіген бала сияқты адамдар бар. Сондықтан доғарыңдар», – деп жауап қатқан еді Усман.

Реклама
Реклама