Сол кеште Ыдырыс төрешілер шешімімен Оде Осборн-ды жеңген болатын.
Қазақстандық UFC жауынгері Әліби Ыдырыс антидопинг ережелерін бұзғаны үшін бір жылға шеттетілді. Бұл туралы ресми түрде Combat Sports Anti-Doping хабарлады.
2026 жылдың 21 ақпанында АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен UFC Fight Night турнирінде алынған допинг-сынамада тыйым салынған гидрохлоротиазид заты анықталған. Бұл диуретик және маскировка жасайтын препараттар қатарына жатады және кез келген уақытта қолдануға тыйым салынған.
Сол кеште Ыдырыс төрешілер шешімімен Оде Осборн-ды жеңген болатын.
Жауынгердің өзі препаратты жекпе-жекке екі күн қалғанда, яғни 19 ақпанда салмақ қуу кезінде қабылдағанын мойындады.
Ыдырыс антидопинг ұйымымен толық ынтымақтастық танытқанына қарамастан, дисквалификация мерзімі қысқартылған жоқ. CSAD бұл әрекетті жекпе-жек аптасында әдейі қолданылған және спортшыға артықшылық берген өрескел бұзушылық деп бағалады.
Дисквалификация мерзімі:
Қазіргі уақытта Texas Department of Licensing and Regulation бұл іс бойынша бөлек шешім қабылдайды. Егер ереже бұзушылық расталса, Ыдырыстың Осборнға қарсы жеңісі жойылып, жекпе-жек нәтижесі өтпеген деп танылуы мүмкін.
Айта кетейік, Әліби Ыдырыс UFC ұйымында допинг сынамасынан өте алмаған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.