Жарнама
Жарнама

Сәтсіздіктен көз ашпаған Асу Алмабаев октагонға оралады

Редактор
15.04.2026, 21:55

Алмабаев жаттығу кезінде қолын сындырып алған еді

әлеуметтік желі

27 маусым күні Әзербайжан астанасы Бакуде UFC Fight Night 280 турнирі өтеді. Бұл жекпе-жек кеші қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше қызық болмақ.

Кештің басты кардында Қазақстанның ең жеңіл салмақтағы өкілі, UFC рейтингінде сегізінші орында тұрған 32 жастағы Асу Алмабаев өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – рейтингтің 13-сатысындағы 35 жастағы америкалық Чарльз Джонсон. Айта кетейік, Джонсон бұған дейін UFC-де қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен Азат Мақсұмды жеңген тәжірибелі файтер ретінде танымал.

Сондай-ақ, бұл турнирде тағы бір қазақстандық спортшы – 28 жастағы Бекзат Алмахан да октагонға шығады. Ол жеңіл салмақта бразилиялық 26 жастағы Жан Мацумотомен кездеседі. Екі спортшы да соңғы жекпе-жектерінде жеңіліс тапқандықтан, алдағы айқас олардың UFC-дегі болашағы үшін шешуші болуы мүмкін.

Айта кетейік, Алмабаев 1 наурызда Мехикода өтетін UFC турнирінде бұрынғы екі дүркін чемпион Брэндон Мореномен жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда дайындық барысындағы спарринг кезінде қолын сындырып алып, кездесуден бас тартуға мәжбүр болды.

Алмабаев бұған дейін октагонға 2025 жылдың 2 қарашасында Дохада өткен UFC турнирінде өтті. Ол америкалық Алекс Пересті үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңіп, кезекті маңызды жеңісіне қол жеткізді.

 

Реклама
Реклама

Материалда: