Дана Уайт Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты

Редактор
16.02.2024, 11:44

Қазақ спортшысы биыл чемпиондық титул үшін төбелесуге үміттенетінін айтқан болатын

Instagram

UFC лигасының президенті Дана Уайт қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновқа қарсылас тауып берген сыңайлы. Ол Nomad-тың келесі жекпе-жегі ирландиялық Иэн Гэрримен болуы мүмкін екенін тұспалдады.

Айта кетейік, осы аптаның сенбісінде Иэн Гэрри (13-0) америкалық «жауынгер» Джефф Нилмен (15-5) жекпе-жек өткізеді. 

«Иэн үшін бұл өте үлкен мүмкіндік. Ол қазір тек қана Джефф Нилмен болатын жекпе-жекті ойлау керек, басқаның бәрін ойынан шығарып тастасын. Егер Нилды жеңе алса ол UFC-де орта салмақта жетінші номер бола алады. Демек, келесіде Колби Ковингтомен, Шон Бредимен, Шавкатпен (Рахмонов) жекпе-жекке шығуға мүмкіндігі бар. Осы сенбіде ол өзін дәлелдеуі керек», - деді Дана Уайт.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов орта салмақта рейтингте үшінші орында тұр.

Материалда: