Жарнама
Жарнама

Әліби Ыдырыс UFC-дегі ерекше келісімшарты туралы айтып берді

Редактор
Бүгін, 10:21

Файтер 7 жекпе-жек өткізуі тиіс

Chris Unger/Zuffa LLC

Қазақстандық UFC файтері Әліби Ыдырыс YouTube-тағы Alypsoq подкастында UFC-дегі ерекше келісімшарты туралы айтып берді. Оның сөзінше, The Ultimate Fighter (TUF) жобасы арқылы келген спортшыларға арнайы шартпен келісім ұсынылады.

Әліби Ыдырыс UFC-ге америкалық TUF реалити-шоуы арқылы жолдама алған. Финалда америкалық Джозеф Моралеске есе жібергенімен, ұйым қазақстандық спортшыға келісімшарт ұсынған.

Жекпе-жек шеберінің айтуынша, оның келісімі жеті жекпе-жекке есептелген.

— TUF арқылы келгендерге ерекше келісімшарт береді. Үш жыл ішінде жеті жекпе-жек өткізуің керек. Егер үлгермесең, үш жылдан кейін жаңа келісімшарт беруі мүмкін немесе мүлде ұсынбауы да ықтимал. Ал жеті жекпе-жектен кейін шарттар қайта қаралады, ол жерде бәрі өз нәтижеңе байланысты, — деді Әліби Ыдырыс.

Қазір қазақстандық файтердің келісім бойынша әлі бес жекпе-жегі қалған.

Айта кетейік, бұған дейін Әліби Ыдырыс допинг дауына іліккен еді. 2026 жылдың 21 ақпанында Хьюстонда өткен жекпе-жектен кейін алынған допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Сол кеште ол ямайкалық Оде Осборнді жеңіп, UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын. Алайда кейін допинг-тест талапқа сай келмегендіктен, жекпе-жек нәтижесі жойылды.

Спортшының ағзасынан UFC-де тыйым салынған диуретик - гидрохлоротиазид табылған.

Реклама
Реклама

Материалда: