Бұл туралы ол Instagram парақшасында бөлісті
Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова отбасында сәби дүниеге келгенін хабарлады.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында бөлісті. Алайда нәрестенің жынысы мен есімін әзірге жариялаған жоқ.
Еске салсақ, 2025 жылдың жазында Жамбыл облысында болған жантүршігерлік жол апаты қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, көлік тізгінінде Гүлайым Рахмонова болған. Ол ұлымен және құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға қарай жолға шыққан.
Алматы – Екатеринбург тасжолының 296-шақырымында Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі аударылып кеткен. Қайғылы оқиға салдарынан 39 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмса, тағы бір әйел ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған.
Ал Гүлайым Рахмонова мен оның ұлы ауруханаға жеткізілген. Кейін полиция өкілдері адам өліміне әкелген жол апаты болғанын растады.