Жарнама
Жарнама

Еркебұлан Тоқтар онкологиялық ауруға шалдыққан науқасқа 50 мың доллар аударды

Редактор
Бүгін, 12:28

Файтер шілде айында өтетін жекпе-жегі үшін берілетін гонорарды оқырманына табыстады

әлеуметтік желі

Аралас жекпе-жек шебері әрі актер Еркебұлан Тоқтар онкологиялық ауруға шалдыққан анасына емге ақша жинап жүрген оқырманына көмектесіп, көпшіліктің алғысына ие болды.

Оқиға спортшының Instagram парақшасында жариялаған әсерлі видеосынан кейін жұрт назарын аударды. Бейнежазбада Еркебұлан Тоқтар Жасқанат есімді оқырманының анасы қатерлі ісікпен күресіп жатқанын айтып, емге қажет 50 мың доллар – шамамен 23,5 миллион теңге жиналып жатқанын көрсеткен.

Видео барысында Еркебұлан Тоқтар Nomad Fighting ұйымының президенті Мұхамеджан Қонысбековке хабарласып, шілде айында өтетін жекпе-жегі үшін берілетін гонорардан алдын ала 50 мың доллар беруді сұраған.

«Менің оқырманымның анасы онкологиялық дертке шалдыққан. Қазір оларға ем үшін шұғыл түрде қаражат қажет», — деді спортшы.

Көп ұзамай қажетті қаражаттың 26 мамыр күні табысталатыны белгілі болды. Жасқанат та әлеуметтік желіде видео жариялап, қолдау көрсеткен жандарға алғысын жеткізді.

«Қуаныштан жылап отырмын, қолым дірілдеп кетті. Көмектескен баршаңызға үлкен рақмет», – деді ол.

Реклама
Реклама

Материалда: