Жарнама
Жарнама

«Балаларым аш отыр»: Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі қиын жағдайда екенін айтты

Редактор
11.06.2026, 19:16

Шавкат Рахмоновтың отбасы төңірегіндегі жағдай қоғам назарын аударды

әлеуметтік желі

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтің жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде отбасы ішіндегі мүліктік дауға қатысты мәлімдеме жариялады.

Гүлайым Рахмонова Instagram парақшасында Шавкат Рахмоновтың анасынан өзіне тиесілі пәтерді және балаларға тиесілі дүниелерді қайтаруды талап етті.

«Осы уақытқа дейін құрсағымдағы балам үшін үндемей, сабыр сақтап келдім. Шавкаттың анасы менің пәтерімді және балаларға тиесілі дүниелерді қайтарсын. Мен ұлымды қайтардым, енді пәтерімді қайтарыңдар. Адвокатыммен байланысып, мәселені бейбіт жолмен шешейік. Әйтпесе менің де жоғалтатын ештеңем қалмады. Мен туралы қорлайтын видеолар, аудиожазбалар мен фотолар бар. Қазір бұған уақыт жоқ, балаларымды асырауым керек. Сіздердің кесірлеріңізден балалар аш отыр, тіпті дәрі-дәрмек алуға да мүмкіндігіміз жоқ. Ертең байланысқа шығасыздар деп үміттенемін. Егер олай болмаса, бұл мәселе бойынша тиісті орындарға және көпшілік алдында жүгінуге мәжбүр боламын. Менің парақшамды бақылап, жазғандарымның бәрін оқып отырғандарыңызды білемін», – деп жазды Гүлайым Рахмонова Instagram Stories парақшасында.

Соңғы айларда Шавкат Рахмоновтың отбасы төңірегіндегі жағдай қоғам назарын аударды. Бұған ажырасу процесі, отбасылық келіспеушіліктер және жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс себеп болды.

Еске салсақ, 2025 жылдың жазында Жамбыл облысында болған жол апатында Гүлайым Рахмонова басқарған Toyota Land Cruiser көлігі аударылып кеткен. Оқиға салдарынан екі жолаушы – әйелдің туған әпкесі мен құрбысы қаза тапты. Ал Гүлайым Рахмонова мен оның кәмелетке толмаған ұлы түрлі деңгейдегі жарақат алған.

2026 жылдың наурыз айында сот оны жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда жазаның орындалуы бес жылға кейінге шегерілді.

Осы кезеңде Гүлайым Рахмонова жұбайымен айырылысқанын да жариялаған болатын. Ол кезде ерлі-зайыптылар төрт бала тәрбиелеп отырған. Кейінірек, 15 мамыр күні олардың бесінші баласы дүниеге келді.

Реклама
Реклама

Материалда: