Жарнама
Жарнама

«Басқа деңгейдегі жыртқышпын». Хамитов Царукянға ескерту жасады

Редактор
Бүгін, 10:25

Хамитов қарсыласын жеңісімен құттықтады

Әлеуметтік желі

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов америкалық Тони Фергюсонды жеңген Арман Царукянға қатысты мәлімдеме жасады.

Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында қарсыласын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жекпе-жекке де ишара жасады.

«Арманды жеңісімен құттықтаймын! Бірақ мен Тони Фергюсон да, Пуллас та емеспін. Мен басқа деңгейдегі жыртқышпын!» – деп жазды қазақстандық спортшы.

Еске сала кетейік, Қуат Хамитов пен Арман Царукян RAF (Real American Freestyle) ұйымының турнирінде күш сынасады. Кездесу 11 шілде күні Грузия астанасы Тбилисиде өтеді және кештің басты оқиғаларының бірі болмақ.

Бұған дейін АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен RAF 10 турнирінде Царукян UFC-дің бұрынғы жұлдызы Тони Фергюсонмен белдескен еді. Жекпе-жек армян файтерінің айқын басымдығымен өтіп, екінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.

Айта кетейік, бұл Царукянның RAF ұйымындағы жетінші кездесуі болды. Ал Фергюсон үшін аталған промоушендегі алғашқы белдесу еді.

Реклама
Реклама