Жарнама
Жарнама

Алғаш рет жеңілген Топурия жекпе-жектен кейін бірден ауруханаға жеткізілді

Редактор
Бүгін, 13:05

Жекпе-жек барысында Топурия ауыр соққылар өткізіп алды

t.me/sportilinet

UFC президенті Дана Уайт UFC Freedom 250 турниріндегі чемпиондық жекпе-жектен кейін грузиялық файтер Илия Топурияның ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

Ұйым басшысының айтуынша, бұрынғы чемпион қосымша медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жатқызылған. Алдын ала мәлімет бойынша, спортшының көз ұясы сүйегінде сынық болуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта Топурия толық медициналық тексеруден өтіп жатыр. Дәрігерлер көз ұясы сүйегінің сынуына күмән келтіруде, бірақ нақты диагноз тек сараптамалардан кейін белгілі болады», – деді Уайт.

Жекпе-жек барысында Топурия ауыр соққылар өткізіп алды. Үшінші раундтан бастап америкалық Джастин Гэтжи қарсыласына дәл соққыларын жиілетіп, оның бетіне бірнеше ауыр жарақат пен гематома түсірді.

Төртінші раунд аяқталғаннан кейін Топурияның бұрышы жекпе-жекті жалғастырмау туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде төреші кездесуді тоқтатып, техникалық нокаутпен жеңісті Гэтжиге берді.

Осылайша америкалық файтер UFC жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді иеленсе, Илия Топурия кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Еске салайық, UFC Freedom 250 турнирінің басты оқиғасы болған бұл айқас Ақ үй аумағында өтіп, аралас жекпе-жек тарихындағы ең ерекше кештердің біріне айналды.

Реклама
Реклама