Жарнама
Жарнама

Бекзат Алмахан UFC-де үшінші рет жеңілді

27.06.2026, 19:45

Жекпе-жек үш раундқа созылды

Әлеуметтік желі

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан UFC-дегі төртінші кездесуін өткізді.

Ол Әзербайжанның Баку қаласында өткен UFC Fight Night 280 турнирінде бразилиялық Жан Мацумотомен кездесті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Мацумотоның пайдасына аяқталды. 

Осылайша, Жан Мацумото кәсіби мансабындағы 18-жеңісіне қол жеткізді. Ал Бекзат Алмаханның жалпы рекорды 12 жеңіс, 4 жеңіліске жетсе, UFC-дегі көрсеткіші 1 жеңіс пен 3 жеңіліске теңесті.

Реклама
Реклама

Материалда: