Ол өзін бірінші орынға қойған
Ирландиялық танымал файтер, алғаш рет UFC-дің екі рет чемпионы атанған Конор Макгрегор аралас жекпе-жек тарихындағы ең үздік он спортшының атын атады.
Complex YouTube-каналына сұхбат берген ол өзінің 12 шілдеде болатын жекпе-жегіне қатысты да сұрақтарға жауап берді.
Ендеше, Макгрегор атаған ең үздік ТОП-10 файтердің тізімі мынадай:
1. Конор Макгрегор.
2. Андерсон Силва.
3. Джон Джонс.
4. Деметриус Джонсон.
5. Валентина Шевченко.
6. Аманда Нуньес.
7. Ислам Махачев.
8. Даниэль Кормье.
9. Хабиб Нурмагомедов.
10. Александр Волкановски.
Айта кетейік, 12 шілдеде UFC 329 турнирінде ирландиялық файтер америкалық Макс Холлоуэймен төбелеседі. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді.