Қос файтер арасындағы жекпе-жек 16 тамызда Филадельфиядағы UFC 330 турнирінің басты оқиғасына айналмақ
UFC рейтингінде жартылай орта салмақта бірінші орында тұрған ирландиялық файтер Иан Гэрри (17-1-0) тамызда әлем чемпионы атағы үшін ресейлік Ислам Махачевпен (28-1-0) октагонға шығады. The Independent басылымына сұхбат берген Иан чемпиондық белбеуді жеңіп алатынына толық сенімді екенін мәлімдеген.
Қос файтер арасындағы жекпе-жек 16 тамызда Филадельфиядағы UFC 330 турнирінің басты оқиғасына айналмақ.
«Қазір әлем чемпионымен жекпе-жекке бара жатып ойланып жүрмін: белбеуді жеңіп алғаннан кейін оны қорғау үшін кіммен төбелесемін? Ертең жеңіске жеткеннен кейін журналист бірден микрофонды бетіме тақап, келесі қарсыласың кім дегенде ойланбастан жауап беруім керек. Чемпион болғаннан кейін не істеймін деген оймен ұзақ жүрдім, жоспарлар құрдым. Бұл мен үшін өте қуанышты сәт болады», - деп мәлімдеді Гэрри алда өтетін чемпиондық жекпе-жегі туралы.
Айта кетейік, ирландиялық файтер 2024 жылдың желтоқсанында Шавкат Рахмоновпен кездесіп, жеңіліп қалған болатын. Осы жекпе-жектен кейін отандасымыз ауыр жарақат алып, октагонға әлі оралған жоқ. Ал, Гэрри болса 2025 жылы екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. Алдымен ол Белал Мухаммадты, артынша Карлус Пратесті жеңіп, рейтингте бірінші орынға көтерілді.
