Жарнама
Жарнама

UFC файтерінің мәйіті табылды

Редактор
Бүгін, 09:34

UFC-де өнер көрсеткен бразилиялық файтер 34 жасында көз жұмды

UFC

Бразилиялық UFC жауынгері Аллан Насименто 34 жасында қайтыс болды.

UFC ұйымының мәліметінше, 3 тамыз күні аса жеңіл салмақта өнер көрсеткен спортшы ес-түссіз күйде табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол ұйықтап жатқан кезінде жүрек талмасына ұшыраған болуы мүмкін.

Оқиға орнына жедел жеткен медицина қызметкерлері файтердің өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, дәрігерлер оның қайтыс болғанын тіркеді.

Қайғылы жағдайдан кейін UFC ресми мәлімдеме жасап, марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Осы ауыр сәтте біздің ойымыз Алланның отбасы, достары, командаластары және барлық жақындарымен бірге», – делінген ұйымның мәлімдемесінде.

Реклама
Реклама

Материалда: