Ислам UFC тарихындағы ең ұзақ жеңіс сериясының жаңа рекордын орнатты
Ислам Махачев UFC 330 турнирінде Иэн Мачадо Гэрриді жеңіп, маңызды жетістікке жетті.
Филадельфияда өткен жекпе-жекте ресейлік спортшы жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғап, Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Төрешілердің есебі — 49:46, 49:46, 48:47.
Бұл Махачевтің кәсіби мансабындағы 29-жеңісі болды. Осылайша оның көрсеткіші 29 жеңіс пен бір жеңіліске жетті. Ислам бұрынғы жаттықтырушысы әрі жақын серігі Хабиб Нурмагомедовтың көрсеткішін қайталады. Хабиб те кәсіби мансабын 29 жеңіспен аяқтаған.
Егер Махачев келесі жекпе-жегінде жеңіске жетсе, 30 жеңіске жеткен алғашқы ресейлік спортшылардың біріне айналады.
Сонымен қатар Ислам UFC тарихындағы ең ұзақ жеңіс сериясының жаңа рекордын орнатты. Гэрриді жеңуі оның ұйымдағы қатарынан 17-жеңісі болды. Бұған дейінгі рекорд 16 жеңіспен аңызға айналған Андерсон Силваға тиесілі еді.
Махачев үшін бұл жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғашқы қорғауы болды. Жалпы, оның чемпиондық атақ үшін өткен жекпе-жектердегі жеңіс саны жетіге жетті.