Жарнама
Жарнама

Арман Царукян UFC-дегі ең үлкен гонорарын алады

Редактор
Бүгін, 15:19

Ол UFC басшылығының өкілі Хантер Кэмпбеллмен жеке сөйлескен

UFC

Арман Царукян UFC 331 турнирінде Маурисио Руффимен өтетін жекпе-жек үшін мансабындағы ең жоғары гонорарға ие болады. Сонымен қатар армян файтеріне жеңіске жеткен жағдайда титулдық жекпе-жекке шығу мүмкіндігі уәде етілген.

Царукянның айтуынша, бұл туралы ол UFC басшылығының өкілі Хантер Кэмпбеллмен жеке сөйлескен. Сондықтан файтер ауызша келісімнің орындалатынына сенімді.

«Мен үшін оның мұны өзі айтқаны жеткілікті. Мен онымен жеке сөйлестім, бұл мүлде басқа нәрсе. Біреудің сөзін менеджерің арқылы естіген бір бөлек, ал адамның өзімен отырып сөйлесіп, қол алысқан мүлде басқа. Сонда бәрі айтылғандай болатынына сенім пайда болады. Иә, бұл менің UFC-дегі ең үлкен гонорарым болады», – деді Царукян Ариэль Хельваниге берген сұхбатында.

Ол Руффи жеңіске жеткен жағдайда бірден титулдық жекпе-жекке шығады деп ойламайтынын да айтты.

«Меніңше, олай болмайды. Ол бірден титулдық мүмкіндік алады деп ойламаймын. Оған тағы бір жекпе-жек өткізу қажет шығар. Бірақ мені жеңсе, бұл ол үшін өте үлкен жеңіс болады», – деді Царукян.

Арман Царукян октагонға соңғы рет өткен жылдың қарашасында шыққан. Содан бері ол RAF лигасында белсенді өнер көрсетіп, сегіз жеңіске жеткен, тек Колби Ковингтоннан ғана ұтылған.

Енді UFC 331-дегі Руффиге қарсы жекпе-жек Царукян үшін тек қомақты табыспен емес, чемпиондық белбеуге бір қадам жақындайтын мүмкіндікпен де маңызды болмақ.

Реклама
Реклама

Материалда: