Жарнама
Жарнама

«Ақша бермесе де шығамын»: Нурмагомедов UFC белбеуі үшін тегін төбелесуге дайын

Редактор
24.08.2026, 20:50

Умар Нурмагомедов UFC белбеуі үшін гонорарсыз жекпе-жекке шығуға дайын

 

UFC

UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы титул үміткері Умар Нурмагомедов чемпиондық белбеудің өзі үшін қаншалықты маңызды екенін айтып, титулдық жекпе-жек үшін тіпті гонорардан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді.

Ресейлік файтердің сөзінше, кәсіби спортта мұра қалдыру мен чемпиондық атақтан бөлек, қаржылық тұрақтылық та маңызды. Өйткені спортшының отбасы алдындағы жауапкершілігі бар және мансап барысында өзінің болашағын да қамтамасыз етуі қажет.

«Мен үшін не маңызды? Барлығы бірге. Ақша табу, өз брендімді қалыптастыру және басқа да мүмкіндіктер. Егер маған: “Ертең ақша алмайсың, тек мұраң қалады. Жекпе-жекке шығасың ба?” десе, ойланар едім. Өйткені отбасымды асырауым керек. Өзіңе адал болған жөн», – деді Нурмагомедов.

Алайда әңгіме UFC чемпиондық белбеуіне келгенде оның ұстанымы өзгереді. Нурмагомедов титулды мансабындағы ең үлкен мақсаттарының бірі деп атап, мүмкіндік берілсе, ақша мәселесін екінші орынға ысыруға дайын екенін жеткізді.

«Белбеу – менің ең үлкен мақсаттарымның бірі. Тіпті “ақша жоқ, бірақ чемпиондық белбеу үшін төбелесесің” десе де, жекпе-жекке шығар едім», – деді ол Red Corner MMA YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Умар Нурмагомедов UFC чемпионы атануға алғаш рет 2025 жылдың қаңтарында мүмкіндік алған. Ол жеңіл салмақтағы чемпион Мераб Двалишвилимен кездесіп, бес раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңілді.

Бұл Нурмагомедовтің кәсіби ММА-дағы алғашқы жеңілісі болды. Одан кейін ресейлік файтер жеңісті жолға қайта оралды. 2026 жылдың қаңтарында ол  бұрынғы UFC чемпионы Дейвесон Фигередоны ұпай санымен жеңді. Қазіргі таңда Нурмагомедовтің кәсіби рекорды – 20 жеңіс және 1 жеңіліс.

Енді Умар Нурмагомедов 29 тамызда Қытайдың Шанхай қаласында өтетін UFC турнирінде октагонға шығады. Оның қарсыласы қытайлық Сонг Ядонг болмақ. Бұл кездесу ресейлік файтердің чемпиондық белбеуге қайта жақындауы үшін маңызды жекпе-жектердің біріне айналуы мүмкін.

Айта кетейік, Умар – UFC Даңқ залының мүшесі, бұрынғы чемпион Хабиб Нурмагомедовтің немере інісі.

Реклама
Реклама

Материалда: