Жарнама
Жарнама

Қытайдағы этникалық қазақ UFC-ге қайта оралып, бірінші раундта жеңді

Редактор
Бүгін, 17:40

Мақсат Қайсар АҚШ-тағы Kill Cliff FC залында дайындалған

әлеуметтік желі

Қытайда тұратын этникалық қазақ Мақсат Қайсар Шанхайда өткен Road to UFC 5 турнирінде жарқын жеңіске жетті.

Мақсат турнирдің басты жекпе-жегіне бастапқыда шығуы тиіс болған тағы бір этникалық қазақ Тайлақ Нұражының орнына қысқа мерзімде қосылды. Ол америкалық Дарриус Флауэрспен кездесіп, қарсыласын бірінші раундта «гильотина» әдісімен берілуге мәжбүр етті.

Осы жеңістің алдында Мақсат Қайсар UFC-пен төрт жекпе-жекке арналған келісімшартқа қол қойған болатын. Осылайша ол кәсіби мансабындағы 12-жеңісіне жетті.

Айта кетейік, Қайсар бұған дейін де UFC-де өнер көрсеткен. Ол ұйым сапында 2022-2025 жылдар аралығында жекпе-жектер өткізген.

Мақсат Қайсар АҚШ-тағы Kill Cliff FC залында дайындалған. Бұл клубта қазақстандық UFC файтерлері Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев та жаттығады.

Реклама
Реклама

Материалда: