Жарнама
Жарнама

Умар Нурмагомедов сенсациялық жеңілістен кейін рейтингте төмендеді

Редактор
01.09.2026, 15:54

Сонг Ядонг бірден үш сатыға көтеріліп, рейтингте үшінші орынға шықты

Getty Images

UFC Шанхайда өткен турнирден кейін аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингін жаңартты.

Турнирдің басты жекпе-жегінде қытайлық Сонг Ядонг Умар Нурмагомедовті екінші раундта нокаутқа түсірді. Ол қарсыласын құлатып, жекпе-жекті 1 минут 48 секундта аяқтады. 

Осы жеңістен кейін Сонг Ядонг бірден үш сатыға көтеріліп, рейтингте үшінші орынға шықты. Ал Нурмагомедов үш позиция жоғалтып, бесінші орынға түсті.

Жаңартылған рейтингтің алғашқы бестігі:

  1. Мераб Двалишвили
  2. Шон О’Мэлли
  3. Сонг Ядонг
  4. Марио Баутиста
  5. Умар Нурмагомедов

Аса жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық белбеуі Петр Янға тиесілі. 

Бұл Нурмагомедовтің UFC-дегі сегіз жеңістен кейінгі екінші жеңілісі болды. Ол бұған дейін 2025 жылдың қаңтарында Мераб Двалишвилиге чемпиондық жекпе-жекте төрешілер шешімімен есе жіберген еді. 

Реклама
Реклама