Жарнама
Жарнама

Қырғызстан ММА-дан бірінші орында тұр - Данияр Оңғар

Редактор
Бүгін, 09:44

Қазақстандық спортшы басты артықшылығын атады

Sport+ Qazaqstan

OCTAGON лигасының чемпионы Данияр Оңғар Қазақстан мен Қырғызстандағы аралас жекпе-жектің даму деңгейін салыстырып, отандық файтерлерге қатысты пікір білдірді.

Қазақстандық спортшының айтуынша, қырғыз жауынгерлерінің басты артықшылығы – кез келген қарсыласпен жекпе-жек өткізуге дайын болуы.

«Қырғызстан ТМД елдері арасында ММА-дан бірінші орында тұр. Олар қарсылас таңдамайды. Біздің жауынгерлер қарсылас таңдайды. Бұл дұрыс емес», — деді Оңғар Спорт+ арнасына берген сұхбатында.

Оның пікірінше, спортшының мықты қарсыластардан бас тартпай, үнемі сынға түсуі тәжірибе жинауына және кәсіби деңгейін көтеруіне мүмкіндік береді.

Данияр Оңғар кәсіпқой мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, 12 рет жеңіске жеткен. Қазақстандық файтер биыл шілдеде Қонаев қаласында өткен OCTAGON 89 турнирінде тәжікстандық Мұхибшо Гулобовты бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің басым дауысымен жеңіп, жартылай жеңіл салмақта чемпион атанды.

Реклама
Реклама

Материалда: