Жарнама
Жарнама

Шавкат Рахмонов Махачевтің чемпиондық белбеуіне үміткерлер қатарына енді

Редактор
Бүгін, 15:44

Ислам Махачев Шавкат Рахмоновты басты қарсыластарының бірі деп атады

Әлеуметтік желі

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев қазақстандық Шавкат Рахмоновты өзіне қауіп төндіруі мүмкін негізгі қарсыластардың бірі деп атады.

Ресейлік спортшының айтуынша, бұл салмақта Карлос Пратес пен Майкл Моралес сияқты мықты қарсыластар бар. Махачев олардың қатарына жарақатынан айығып жатқан Шавкат Рахмоновты да қосты.

«Шавкат Рахмонов та жекпе-жек өткізгісі келеді. Ол толықтай қалпына келіп, октагонға оралсын. Олар мені мерзімінен бұрын жеңгісі келеді, ал мен чемпиондық белбеуімді қорғаймын», — деді Махачев.

Чемпион қарсыластарының оны нокаутпен жеңуге ұмтылысы күн сайын жаттығуға ынталандыратынын айтты. Ол UFC-дегі жеңісті сериясын 20 жекпе-жекке дейін жеткізуді көздеп отыр.

Махачев соңғы жекпе-жегін UFC 330 турнирінде Иэн Мачадо Гэрриге қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол UFC-дегі қатарынан 17-жеңісіне қол жеткізіп, ұйымның жаңа рекордын орнатты.

Ал Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты ұзақ уақыт бойы октагонға шыққан жоқ. Қазақстандық спортшы кәсіби мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның UFC-дегі келесі қарсыласы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Реклама
Реклама