Інісі Умар мен қазақ Бекзат Алмахан 3 наурызда төбелеседі
UFC лигасының экс-чемпионы, ешкімге жеңілмеген Хабиб Нурмагомедов інісі Умарға ақыл-кеңесін айтып, жекпе-жек алдында қанаттандырды. 3 наурызға қараған таңда Умар Нурмагомедов (16-0) пен қазақ Бекзат Алмахан (17-1) АҚШ-та төбелеседі.
Айта кетейік, Хабиб Умардың немере ағасы.
«Інім, саған сәттілік тілеймін, не істеу керектігін өзің жақсы білесің. UFC-дің болашақ чемпионы, Иншалла», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, аталған жекеп-жек аса жеңіл салмақта өтеді. Умар соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың қаңтар айында өткізіп, бразилиялық Раони Барселосты жеңген болатын. Бекзат үшін бұл UFC-дегі алғашқы кездесу.