Дамир Исмагулов армян файтерінен жеңіліп қалды

Редактор
07.03.2024, 09:40

Үшінші раундта ол нокдаун алып қалған

"Наше дело"

Аралас жекпе-жектен қазақстандық шебер Дамир Исмагулов (24-3) Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен «Наше дело 82» турнирінде өнер көрсетті.

Кикбоксинг ережесімен өткен жекпе-жекте жерлесіміз ресейлік армян спортшысы Эдуард Вартаняннан (25-4) жеңіліп қалды. Үш раундқа созылған кездесу нәтижесінде төрешілер жеңісті 29:27, 28:28, 29:27 есебімен ресейлікке берген. Айта кететін жайт, Дамир үшінші раундта қарсыласынан ауыр соққы алып, нокдаунға түсіп қалды.

Бұл жекпе-жектің нәтижесі ресми есепке алынбайды.

Дамир Исмагулов соңғы рет октагонға UFC лигасында былтыр 2 шілдеде шықты. Ол кезде қазақ файтері амеикалық Грант Доусоннан жеңіліп қалған еді.

Материалда: