Рамзан Қадыровтың спортшы ұлы енді әкесінің қауіпсіздігіне жауап береді

Редактор
05.11.2023, 14:45

Ол бокспен және аралас жекпе-жекпен айналысады

Instagram

Небәрі 15 жастағы Адам Қадыров Шешенстан басшысының қауіпсіздігіне жауапты органның лауазымды қызметіне орналасты. Бұл ақпаратты Шешенстан парламентінің төрағасы Магомед Даудов өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Есте болса, жуырда ғана Адам Қадыров тергеу изоляторына кіріп, Құран өртеді деп айыпталған жас жігітті соққыға жыққан болатын. Бұл сәттің видеосын Рамзан Қадыров әлеуметтік желіге салып, артынша қоғамда үлкен резонанс туды.

«Адам Қадыровтар әулетінің және барша шешен халқының лайықты ұлы екенін іспен көрсетті. Ол қатал және тік мінезімен, Отанына пайдам тисе деген жанашыр мінезімен ерекшеленеді», - деп жазды парламент төрағасы.

Ал, Шешенстан Ішкі істе министрлігі арнайы полкының командиры Замид Чалаевтың айтуынша, Адам Қадыров Шешенстан басшысы қауіпсіздігін сақтау бөліміне басшы болып тағайындалған.

Айта кетейік, Адам Қадыров жасөспірім кезінде бокспен айналысып, қазір аралас жекпе-жекте бақ сынап жүр. Ол ел ішінде бірнеше турнирді жеңгенімен, қандайда бір халықаралық жарыстарда жүлде алғаны туралы ақпарат жоқ.