«Өзбекстан алға»: Қуат Хамитов өзбек футболшыларына қолдау көрсетті

Редактор
30.04.2024, 09:53

Өзбекстан тарихында алғаш рет футболдан Олимпиадаға қатысады

instagram.com/kuat__khamitov

Футболдан Өзбекстан жастар құрамасы Азия кубогының финалына шықты. Соның арқасында Париж Олимпиадасына жолдама алып отыр. Бұл жетістік қазақ футболшыларын жиі сынға алатын отандық файтер Қуат Хамитовтың көңілінен шығыпты.

Ол әлеуметтік желідегі пабликтердің біріне «Узбекистан 🇺🇿 Ба пеш» (Өзбекстан алға!) деп жазып кеткен. Желі қолданушылары бұл тәжікше сөз екенін, өзбекше алға деген «олдинга» деп жазылатынын ескертті.

Айта кетейік, футболдан 23 жасқа дейінгі Өзбекстан құрамасы Азия кубогының финалына шықты. Олар жартылай финалда Индонезия құрамасын жеңді. Енді финалда Жапония жастарымен кездеседі. 

Қуат Хамитов қазақ футболын жиі сынайтындардың бірі. Ол футболшыларға миллиондаған жалақы төленуіне қарсы.