Оның қарсыласы – биыл наурызда Асу Алмабаевтан жеңілген америкалық Си Джей Вергара
UFC лигасында өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұмның келесі жекпе-жегінің мерзімі белгілі болды.
Отандасымыз 3 тамыз күні Абу-Дабиде Умар Нурмагомедов пен Кори Сэндхагеннің андеркартында октагонға шықпақ. Бұл туралы ММА Junkie туралы жазатын журналист Нолан Кинг мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған жекпе-жек кешінде Тони Фергюсон мен Майкл Кеза, Ник Диас пен Висенте Люк айқасады.
Қазақстан спортшысы 4 ақпандағы жеңілісінен кейін алғаш рет октагонға оралмақ. Ол соңғы айқасында Чарльз Джонсоннан төрешілер шешімі бойынша ұтылған еді. Ал оның келесі қарсыласы Си Джей Вергара наурыз айында қазақ файтері Асу Алмабаевқа есе жіберген болатын.
Қазіргі уақытта Асу Алмабаев АҚШ-та жаттығып жүр.