Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

Редактор
14.11.2023, 09:51

Ол 17 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен

Чемпионат.ру

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов 17 желтоқсанға қараған түні Лас-Вегаста өтетін UFC 296 турнирінде бақ сынайды. 

UFC-де ең үздік промоушн саналатын UFC 296 турнирінің кардында отандасымыз АҚШ файтері Стивен Томпсонмен күш сынаспақ.

Бұл жекпе-жек кешінде жартылай орта салмақ дәрежесінің чемпионы британдық Леон Эдвардс америкалық Колби Ковингтонмен өзара мықтыны анықтайды. Сонымне бірге, тағы бір жекпе-жекте ең жеңіл салмақ дәрежесінде титул иегері бразилиялық Алешандре Пантожа америкалық Брэндон Ройвалмен кездесетіні айтылды.

Невада штатында болатын UFC 296 турнирінің кешінде сынға түсетін файтерлер жұбы: 

Леон Эдвардс (Ұлыбритания) – Колби Ковингтон (АҚШ);

Алешандре Пантожа (Бразилия) - Брэндон Ройвал (АҚШ);

Шавкат Рахмонов (Қазақстан) – Стивен Томпсон (АҚШ);

Тони Фергюсон (АҚШ) – Пэдди Пимблетт (Ұлыбритания);

Висенте Луке (Бразилия) - Иэн Гэрри (Ирландия).

Шавкат Рахмонов аралас жекпе-жек кардында 17 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Материалда: