«Хабиб Исламнан мықтырақ»: Дастин Порье дағыстандық екі файтерді салыстырды

Редактор
11.06.2024, 11:34

Ол бұған дейін екеуімен де төбелесіп, екеуінен де қылқындыру әдісі арқылы жеңілген болатын

Фото ашық дереккөзден

Аралас жекпе-жектен америкалық танымал файтер Дастин Порье жеңіл салмақта UFC-дің қазіргі чемпионы Ислам Махачев пен экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедовті салыстырды.

«Хабиб пен Исламның қысым көрсетуі ұқсас. Бірақ, физикалық күш жағынан салыстырсам, Хабиб әлдеқайда күштірек, оның прессингі адам шошырлық. Бірақ, Исламның қылқындыруы өте ауыр. Махачевтің маған қолданған Д’Арсе әдісі өте мықты болды, басымды ауыр зат қысып қалғандай әсерде болдым. Қалай болғанда да бұл жігіттер өте мықты», - деді Порье «MMA Fighting» ютуб-каналына берген сұхбатында.

Еске салайық, Ислам Махачев пен Дастин Порье арасындағы жекпе-жек 1 маусымда АҚШ-тың Ньюарк қаласында UFC 302 турнирі аясында өтті. Бес раундқа жоспарланған кездесу бесінші раундта аяқталды. Махачев қарсыласын қылқындыру әдісі арқылы жеңді.