Дамир Ысмағұлов октагонға оралатын күн белгілі болды

Редактор
25.06.2024, 09:57

Ысмағұлов ММА-дегі соңғы жекпе-жегін бір жыл бұрын - 1 шілдеде UFC on ESPN 48 аясында өткізді

Mike Roach / Contributor / UFC

Көпшілік күтпеген жаңалық. Аралас жекпе-жек шебері Дамир Ысмағұлов 13 шілде күні «Алматы Аренада» өтетін Hardcore турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы - 23 жастағы ресейлік Дмитрий «Армеец» Климов. Климовтің Sherdog-тегі рекорды - 8-3, ал жалпы нәтижесі - 13-5. 

Климов барлық дерлік айқасын Hardcore-да өткізгендіктен, оның есімі басым көпшілікке бейтаныс болуы мүмкін.

Айта кетейік, Ысмағұлов ММА-дегі соңғы жекпе-жегін бір жыл бұрын - 1 шілдеде UFC on ESPN 48 аясында өткізді. Ол кезде қандасымыз Грант Доусонға есе жіберген.
Ал наурыз айында Дамир кикбосингтің К-1 ережесі бойынша Эдуард Вартанянмен күш сынасты, кейіннен екеуі ММА ережелері бойынша Қазақстанда реванш өткізеді делінген.

Ысмағұлов - Климов айқасы Мұратбек Қасымбай мен UFC-дің бұрынғы қатысушысы Диего Брандао кездесуінің кардында өтеді.

Материалда: