«Ақымақ, сен байсың ғой». Танымал спортшы алаяқтық жасады деген Чимаевты сынады

Редактор
10.07.2024, 23:16

Чимаевтың бұл былықтан хабарсыз болғанына сенбейтін көрінеді

fight.ru

UFC-де өнер көрсететін америкалық спортшы Шон Стрикленд (29-6) Хамзат Чимаев (13-0) барлық жанкүйерін алдап соқты деп санайды.

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын аралас жекпе-жек шебері Хамзат Чимаев криптовалюталарды жарнамалау арқылы жанкүйерін тақырға отырғызды деп айыпталған болатын. 

Спортшының менеджері Хамзаттың алаяқтармен еш байланысы болмағанын алға тартты. Дегенмен орта салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Чимаевтың бұл былықтан хабарсыз болғанына сенбейтін көрінеді.

«Жарнамалау үшін маған да қомақты қаржы ұсынды... Ақымақ, сен байсың ғой, сонда да өз жанкүйерлеріңді алдап соқпақсың. Бұл 100 пайыз жанкүйерлерді алдау. Мұны қайдан біледі дейсіз бе? Себебі маған да дәл осыны ұсынды», - деді Стрикленд өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әзірге Хамзат Чимаев бұл жайтқа қатысты ләм-мим деген жоқ, ол тек өзінің менеджері Мехди Шаммастың мәлімдемесін жеке парақшасында жариялаумен шектелді.

Материалда: