MMA-дан қазақстандық чемпион өзбек қарсыласынан оңбай жеңілді (ВИДЕО)

Редактор
21.07.2024, 01:15

Бұл оның аралас жекпе-жектегі үшінші жеңілісі

Lada.kz

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жектен Octagon 60 турнирі өз мәресіне жетті.

Орта салмақта Octagon чемпионы қазақстандық Мурад Абдурахманов өз титулын қорғау үшін Өзбекстаннан келген Ислам Балтаевпен төбелескен. Алайда, бұл жекпе-жек бірінші раундта өзбек файтерінің таза жеңісімен аяқталды. Балтаев қазақстандық чемпионды ауыр соққыларымен ұрып құлатып, төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша, өзбек Ислам Балтаев аралас жекпе-жектегі бесінші жеңісіне жетіп, Octagon чемпионы атанып отыр. Ал, Абдурахманов үшінші рет жеңілді және титулынан айрылып қалды.