Шавкат Рахмонов – Стивен Томпсон жекпе-жегі MMA файтерлерінің көзқарасын екіге жарды

Редактор
30.11.2023, 14:41

Олардың көбі Шавкаттың жеңетініне сенімді

Instagram

16 желтоқсанда қазақстандық UFC өкілі Шавкат Рахмонов (17-0) пен америкалық Стивен Томпсонның (17-6-1) көптен күткен жекпе-жегі өтеді. Аталған кездесудің нәтижесі туралы танымал файтерлер өз болжамдарын айтты.

Журналист Джеймс Линч ұйымдастырған сауалнамаға барлығы 10 спортшы қатысқан. Джефф Нил, Дракар Клозе, Мэтт Фревола, Маркель Медерос, Назим Садыков және ресейлік Ринат Фахретдинов бұл кездесуде жеңіске қазақ баласы жетеді деп сеніммен айтып отыр.

«Шавкат Стивенді клинчке алуы керек. Бұл қаншалықты оңай немесе қтын болатынын білмеймін, бірақ Шавкат жеңеді деп ойлаймын», - дейді Маркель Медерос.

«Маған бұл жекпе-жек ұнап тұрған жоқ. Мен әрдайым Томпсонға жанкүйермін. Бірақ, UFC оны жас қазақстандыққа жемтік ретінде бере салған сияқты. Шавкат үздік, ол жеңілмейді», - деді Мэтт Фревол.

Сауалнамаға қатысқан өзге төрт файтер Томпсонға дауыс берген. Олардың бірі тіпті, Шавкаттың уақытынан бұрын жеңілетінін де болжаған.

Еске салайық, аталған кездесу желтоқсанның 16-нан 17-не қараған түні Лас-Вегаста өтеді.