«Ұяты жоқ»: Шавкат Рахмонов Камару Усманның әрекетін сынады

Редактор
28.08.2024, 10:05

Қос файтер чемпиондық титул үшін болатын жекпе-жекке таласып жатыр

Chris Unger/Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (18-0) UFC лигасындағы бәсекелесі Камару Усманның (20-4) әрекетін қатаң сынға алды.

Нигериялық файтер бұған дейін өз салмағының чемпионы Белал Мухаммадпен (24-3) титул үшін жекпе-жек өткізгісі келгенін айтқан болатын. Шавкат Рахмонов та осы титул үшін басты кандидаттардың бірі.

«Камарудың не ойлайтынын түсіне алмаймын. Қатарынан үш жекпе-жекте жеңіліп, титулға төбелес сұрап отыр, ұяты жоқ. Ақылға қонбайды», - деді Рахмонов Submission Radio ютуб-каналында болған сұхбатта.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC лигасында 6 жекпе-жек өткізіп, бәрін уақытынан бұрын жеңген. Ол қазір өз салмағында әлемдік рейтингте үшінші тұр. Ал, Камару Усман екінші сатыда.