Белал Мухаммад Шавкаттың жанкүйерлерін әріп танымайтын сауатсыз деп атады (ВИДЕО)

Редактор
04.09.2024, 12:28

Екі файтер арасындағы жекпе-жек биыл жыл соңында туі мүмкін

Allboxing

UFC лигасында жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Белал Мухаммад қазақ файтері Шавкат Рахмоновты келеке етіп бейнеклип шығарды. Аталған роликте америкалық спортшы қазақ жанкүйерлеріне де тіл тигізген.

Видеоклип Белалдың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

«Шавкаттың аурасы ерекше дейді және оның фанаттары әріп танымаса да оны ерекше қолдайды, сондықтан комментарийге тек жалаудың суретін ғана қалдыра береді», - деген жолдар бар аталған видеода.

Сондай-ақ, Шавкаттың бұған дейінгі қарсыластарының бәрі әлсіз дейді ол.

«18 жеңісі бар, барлығы да уақытынан бұрын. Қарсыластарының әлсіз болғаны сонша, өз-өзімен баскетбол ойнаған сияқты», - деп келеке етті қазақ файтерін.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов Белал Мухаммадты бірнеше рет жекпе-жекке шақырған. Алайда, америкалық файтер түрлі сылтау айтып, төбелестен қашып келеді. Десе де, соңғы берген сұхбатында ол биыл жыл соңында Шавкатпен октагонға шығу мәселесін қарастырып жатқанын айтты.