Екеуінің арасындағы жекпе-жек 16 желтоқсанға жоспарланған
Аралас жекпе-жектен жартылай орта салмақта UFC рейтингінің алтыншы сатысында тұрған Стивен Томпсон (17-6) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (17-0) болатын жекпе-жегінің тартымды болатынына сенімді.
«Бірнеше жыл бұрын матчмейкерлер маған онымен төбелесуді ұсынды. Мен бас тарттым, өйткені оның кім екенін білмейтін де едім. Мұнан кейін Шавкаттың жекпе-жектерін қалдырмай көре бастадым және жыртқыш екенін түсіндім. Джефф Нилмен, Нил Магнимен не істегенін бәрі біледі. Ол ешқашан жеңілмейді, барлық жеңісі уақытынан бұрын», - деп мәлімдеді Томпсон Submission Radio-ға берген сұхбатында.
Ол Шавкат Рахмоновтан аяқ тартатынын жасырмады. Бірақ, жекпе-жектің аса тартысты болатынына сенімді.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде қазір бесінші сатыда тұр. Екеуінің жекпе-жегі 16 желтоқсанда Лас-Вегастағы әйгілі T-Mobile аренада өтеді.