Жалғас Жұмағұлов көптен күткен сүйінші жаңалығын жариялады

Редактор
13.09.2024, 19:56

UFC турнирінде Жалғас жеті рет жекпе-жек өткізген

instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жақсы жаңалығын бөлісті.

«Келісімшартқа қол қойылды», - деп жазды бұрынғы UFC жауынгері.

Бұған дейін ол кәсіпқой мансабын аяқтамас бұрын әлемнің ең үздік промоушені UFC-ге қайта оралғысы келетінін мәлімдеген болатын.

Жалғас Жұмағұлов биылғы жылдың 24 ақпанында Алматыда өткен Naiza FC 57 турнирінде соңғы жекпе-жегін өткізіп, америкалық спортшы Кливленд Маклинді ұтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Жалғас Жұмағұлов өткен жылдың маусым айында келісімшарты аяқталған соң UFC-тен кеткен болатын. UFC турнирінде Жалғас жеті жекпе-жек өткізіп, бір жеңіске жетіп, алты рет жеңіліске ұшыраған. 

Материалда: